Методическая работа

 

 

Информатика пәні бойынша 9-сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу тәжірибесін трансляциялау.
2025 жылдың 21 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Адай жалпы білім беретін мектебі" КММ-де Қостанай қаласындағы №19 мектептің информатика пәні мұғалімдері Нургалиева Г.Т. мен Нуртазина Ж.К. ZOOM-конференция форматында педагогикалық тәжірибе тарату жұмысын жүргізді. Іс-шара барысында олар 9-сыныптарға арналған информатика пәні бойынша жұмыс дәптерін қамтитын оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Аталған оқу-әдістемелік кешен оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін бекіту мен тереңдетуге, функционалдық сауаттылығын, метапәндік дағдыларын, талдау жасау қабілетін, сыни ойлауын және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, жұмыс дәптерінде берілген түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау арқылы бағдарламалау және алгоритмдік ойлау дағдыларын қалыптастыру мен оларды тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Оқу-әдістемелік жинақта мұғалімдер 9-сыныптарда информатика пәні бойынша қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тапсырмаларды жүйелеп ұсынды. 
Трансляция опыта по разработке учебно-методического комплекса для учащихся 9-х классов по предмету информатика.
21.04.2025 года в КГУ "Адаевская общеобразовательная школа отдела образования Камыстинского района" Управления образования акимата Костанайской области
учителя информатики школы №19 города Костанай Нургалиева Г.Т. и Нуртазина Ж.К. провели трансляцию педагогического опыта в формате ZOOM-конференции. В ходе мероприятия они представили опыт по разработке учебно-методического комплекса, включающего рабочую тетрадь по информатике для 9-х классов. Данный УМК направлен на закрепление и углубление знаний учащихся по информатике, развитие их функциональной грамотности, метапредметных навыков, способностей к анализу, критическому мышлению и самоконтролю, а также на формирование и практическое применение базовых навыков программирования и алгоритмического мышления посредством выполнения разнообразных заданий и упражнений, представленных в рабочей тетради. В учебно-методическом сборнике учителя систематизировали задания, направленные на достижение поставленных целей обучения информатике в 9-х классах.